Мәжіліс сайлауына деген сайлаушылардың көңіл-күйі 4 жыл бұрынғы ахуалдан көп өзгерген жоқ - Болат Сұлтанов

АЛМАТЫ. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Сайлаушылардан қолдау таба алмаған келешегі күмәнді кейбір саяси партиялар сайлауға бойкот жариялауы мүмкін.
None
None

Бұл жөнінде бүгін Алматыда өтіп жатқан сарапшылардың "Қазақстаның саяси партиялары: сайлауға арналған күн тәртібі" деп аталатын дөңгелек үстел жиынында сөз болды.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтановтың айтуынша, Демократия институты ғылыми зертеу қауымдастығы 23 желтоқсанда Мәжіліс сайлауына қатысты 17-19 желтоқсанда жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысымен таныстырды. Онда респондентердің 57,5 пайызы міндетті түрде сайлауға қатысатындарын, ал 12,2 пайызы дауыс беруге баруға ықыласты екенін білдірген. Онда сауалнамаға қатысушылардың 72 пайызы - "Нұр Отаға", 7,1 пайызы - "Ақ жолға", 2,2 пайызы - ЖСДП-ға, 2,1 пайызы - коммунистерге, 1,8 пайызы - "Әділетке", 1,6 пайызы - "Патриоттар", 1,5 пайызы - "Ауыл", 0,1 пайызы "Руханиятқа" дауыс беретіндерін білдірген. Ал Әлеуметтік саяси шешімдер институтының зерттеуіне қарағанда, сайлаушылардың 67,2 пайызы сайлауға қатысатынын айтқан. Олар "Нұр Отанға" - 80,5 пайыз, " Ақ жолға - 7 пайыз, ЖСДП-ға -2,4 пайыз, коммунистерге - 2 пайыз, "Әділетке" - 1,1 пайыз, "Патриоттарға" - 0,6 пайыз, "Ауылға" - 0,4 пайыз, "Руханиятқа" 0,1 пайыз дауыс берген.

"2007 жылғы 18 тамыздағы Мәжіліс сайдауында "Нұр Отанға" - 88,41 пайыз; "Ақ жолға" - 3,9 пайыз, ЖСДП-ға - 4,54 пайыз; коммунистерге - 1,29 пайыз, "Патриоттар" - 0,78 пайыз, "Ауыл" - 1,51 пайыз, "Руханият" - 0,37 пайыз алған болатын. Бұл сандар сайлаушылардың 4 жыл бұрынғы және қазіргі көңіл-күйін көрсетеді. Енді зерттеу нәтижесін көрген соң дауыс ала алмағандар сайлаушыларды сайлауға келмеуге шақырып, оған бойкот жариялап оны бүлдіруге тырысуы мүмкін. Өйткені бБұл партиялардың келешегі жоқ", - дейді тарих ғылымының докторы, саясаттанушы Болат Қылышбайұлы.

Соңғы жаңалықтар