Мәжіліс сайлауына қатысатын партиялар арасында саяси пікірсайыс өтуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Қазмедиа» орталығында, «Хабар» телеарнасында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына партиялық тізімін ұсынған саяси партиялар арасындағы телепікірсайыс өтуде.

Оған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов, Қазақстанның «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы Әли Бектаев, Қазақстанның коммунистік халық партиясының құрметті хатшысы Владислав Косарев, Жалпыұлттық социал демократиялық партиясының өкілі Зәуреш Батталова, «Бірлік» партиясының мүшесі Роза Қуанышева қатысып жатыр.

Пікірсайыс 3 раундтан тұрады. Алғашқы раунд «Әлемдік экономиканың нақтылығы: проблемалары мен перспективалары» деп аталады. Екінші раундта саяси пікірсайысқа қатысушылар «Қазіргі жағдайдағы инфрақұрылым, көлік, логистика» тақырыбында өз ойларын ортаға салатын болады. Соңғы раундта пікірсайысқа қатысушы партиялардың өкілдері өз сайлаушыларына үндеу арнауына мүмкіндік беріледі.

Соңғы жаңалықтар