Мәжіліс сайлауындағы жеңіс белгіленген бағдарламалардың орындалуын жалғастыруға қажет - Елбасы

ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Мәжіліс сайлауындағы жеңіс белгіленген бағдарламалардың орындалуын жалғастыруға қажет. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның 14 съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
None
None

«Бізге, яғни, «Нұр Отан» партиясына тек жеңіс керек. Бұл жеңіс біздің белгіленген бағдарламаларды орындауды жалғастыруға және біздің азаматтардың әл-ауқатын жақсартудағы бағыттарға қажет», - деп атап өтті Елбасы.

«Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығы тарихы бүгін басталып отыр. Сондықтан да 15 қаңтардағы Парламент Мәжілісінің сайлауы біздің болашағымыздың шынайы шағы деп айтуға болады. Мен қазақстандықтардың біздің «Нұр Отан» партиясына жалпыхалықтық қолдау көрсететініне сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар