Мәжіліс Төрағасы бастаған делегация ТМД Парламентаралық Ассамблеясының отырысына қатысу үшін Санкт-Петерборға аттанды

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған парламенттік делегация ТМД Парламентаралық Ассамблеясының іс-шараларына қатысу үшін Санкт-Петербор қаласына аттанды.
None
None

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан парламентшілері Санкт-Петерборда мамырдың 16-і мен 18-і күндері ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы Бюросының, ТМД ПАА Кеңесінің отырыстарына, ТМД ПАА-ның Отыз жетінші жалпы отырысына және Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымының Парламенттік Ассамблеясының (ҰҚШҰ ПА) V отырысына  қатысады.

Сонымен қатар Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекет парламенттері жетекшілерінің кездесуі өтетіні жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасының Төрағасы Сергей Нарышкинмен, Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Өкілдер Палатасының Төрағасы Владимир Андрейченкомен, Қырғыз Республикасы Жоғарку Кенешінің Төрағасы Асылбек Жээнбековпен кездесетіні көзделуде.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған интеграциялық үдерістердің дамуы жөнінде сындарлы талқылау болатыны күтіліп отыр. Сондай-ақ алдағы кезеңде ұлттық заңнамаларды үндестік пен жақындастырудағы парламенттердің рөлі туралы ойлар ортаға салынады.

Соңғы жаңалықтар