Мәжіліс Төрағасы бастаған Қазақстан парламентшілері Финляндияға аттанды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін, мамырдың 31-де депутаттар «SITRA» финнің инвестициялық қорына, сондай-ақ ағаштан үй жасайтын «Honkarakenne Ltd» АҚ-ына барады, «Nokia» концернінің бас кеңсесінде болады және «TeliaSonera Ltd» АҚ-ның қызметімен танысады.
Ал ертең Қазақстан делегацияның жұмысы Финляндия Сыртқы сауда және даму министрі Пааво Вяюрюненмен кездесуімен басталады. Сонымен қатар, елдің астанасы -Ратушада болады, ол жерде депутаттарды Хельсинки қаласының муниципалдық үкіметінің басшысы Ристо Раутава күтіп алады.
Сейсенбі күні Премьер-министр Матти Ванханенмен кездесу және Парламенттің жалпы сессиясына қатысу күтілуде. Онда Қазақстан делегациясы ресми түрде фин парламентшілеріне таныстырылады.
Ертең Білім министрі Хенна Вирккуненмен және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы фин делегациясының Басшысы Илкка Канервамен кездесулері де жоспарланған.
Сәрсенбі, маусымның 2-сі күні бағдарламада Парламентінің Төрағасы Саули Нийнистё мырзамен кездесетіні қарастырылған. Сондай-ақ еңбекпен қамту және экономика министрлігіндегі фин экономикасының және Қазақстанның жеделдетілген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының таныстырылымы өтеді. Бұл маңызды құжатты екі елдің аталған саланы қамтитын министрдің орынбасарлары таныстырады.
Осы күні, яғни маусымның 2-де Қазақстан парламентшілері Астанаға оралады.