Мәжіліс төрағасы Қырғызстан мен Ауғанстан парламенттерінің спикерлерімен кездесу өткізді

Қырғызстан Парламентінің спикері Асылбек Жээнбековпен әңгімелесу барысында Қ. Жақыпов өзінің қырғызстандық әріптесі алтыншы шақырылымдағы Жогорку Кенешінің төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтады.
Мәжіліс спикері Астанада өткізілуі 3-4 желтоқсанға жоспарланған түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының шараларына қатысу үшін Қырғызстан парламентшілері делегациясын күтіп отырғандығын атап өтті.
А.Жээнбеков қазақстандық-қырғыздық парламентаралық қатынастар деңгейін жоғары бағалап, Қазақстанды Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіру ниетін қолдағаны үшін алғыс білдірді.
Қ. Жақыповтың Ауғанстанның Ұлттық Ассамблеясының Волеси Джирга төрағасы Абдулла Рауф Ибрагиммен әңгімелесу барысында басты тақырыптардың бірі осы елде бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату болды.
Ауғанстан парламентшісі Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Қ. Жақыпов Исламабадта 8 желтоқсанда өтетін «Азия жүрегі - Ыстамбұл үдерісі: қауіпсіздік қатерлеріне қарсы іс-қимыл және экономикалық байланыстарға жәрдемдесу бойынша ынтымақтастықты кеңейту» атты Ауғанстан бойынша Ыстамбұлдық үдерістің 5-министрлік конференциясы жағдайдың тұрақтануына елеулі үлес қосатынына сенімін білдірді.