Мәжіліс Төрағасы «Нұр Отан» партиясының мәслихаттардағы депутаттық фракциялар жетекшілерімен кездесті

АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Мәжілістегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының жетекшісі Орал Мұхамеджанов «Нұр Отан» партиясының мәслихаттардағы депутаттық фракциялар жетекшілерімен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жүздесу барысында Мәжіліс Төрағасы мәслихат депутаттарын «Нұр Отан» партиясының онжылдық мерейтойымен құттықтап, отандастарының түрлі салалардағы еңбектеріне жеміс тіледі. «Бұндай кездесуді әу баста жоспарлаған жоқ едік. Дегенмен де, әріптестерімізбен ақылдаса отырып, жергілікті жұртшылықтың өкілдерімен, партиямыздың өңірлердегі жетекшілерімен кездесу өткізуді дұрыс деп таптық. Оның үстіне, Парламент қабырғасындағы бұндай жүздесудің де берері мол деп білеміз», - деді О. Мұхамеджанов. Мәслихат депутаттарымен кездесуге Мәжілістің бірқатар депутаттары, фракция төралқа мүшелері, фракция жанынан құрылған кеңес басшылары, Мәжілістің 7 тұрақты комитеттерінің төрағалары қатысты. Жүздесуде Төраға Парламент жұмысының негізгі қырлары жайында әңгімелеп, «Нұр Отан» ХДП фракциясының атқарып отырған қызметтеріне кеңінен тоқталып өтті. Жиын барысында, сондай-ақ Мәжіліс комитеттерінің төрағалары өздерінің салалық жұмыстары, заң шығармашылық қызметтерінің ерекшеліктері жайында пікірлерімен бөлісті. Басқосу соңына қарай өңірлерден келген мәслихат депутаттары өздерінің сауалдарына жауап алды. Шара Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының бастамасымен жүзеге асты.
Соңғы жаңалықтар