Мәжіліс төрағасы О. Мұхамеджанов Финляндияға сапар жасайды

АСТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мамырдың 31-і мен маусымның 2-сі аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов Финляндияға ресми сапар жасайды. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, сапары аясында О. Мұхамеджанов Финляндия Парламентінің төрағасы Саули Нийнистемен, Премьер-Министрі Матти Ванханенмен, бірқатар финдік министрліктер мен ведомстволардың басшыларымен кездесулер өткізеді. «Екіжақты келіссөздердің аясында парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын, саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара іс-әрекеттің келешегін талқылау жоспарланып отыр», деді А. Әбдірахманов.

Соңғы жаңалықтар