Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов Түркия Республикасының Президенті Абдолла Гүлмен кездесті

А. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Астанада ресми сапарда жүрген Түркия Республикасының Президенті Абдолла Гүлмен кездесті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Түркия мемлекетінің басшысы бастап келген түрік халқының үлкен делегациясын Парламентте қарсы алуға зор қуаныштымыз. Қазақстан Түркия мемлекетін еліміздің негізгі саяси одақтасы және негізгі стратегиялық әріптесі деп біледі. Қазақстанның тәуелсіздігін ең бірінші болып мойындаған мемлекетті де қазақ халқы еш ұмытпайды. Сол күннен бастап екі ел арасында экономикалық, саяси, гуманитарлық және рухани байланыстарының тереңдей түскені бізді қуантады. Сонымен бірге біздің елдеріміз көптеген халықаралық мәселелер бойынша ортақ және барынша ұқсас көзқарас ұстануда», деді Мәжіліс Төрағасы кездесу барысында.

Сонымен бірге О. Мұхамеджанов Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына және ЕҚЫҰ саммитін өткізу жөніндегі бастамасын қолдағаны үшін Түркия басшылығына алғысын білдірді. Қазақстан мен Түркия парламенттерінің де екі елдің жарасуына үлес қосып отырғанын атап өтті.

«Аса мәртебелі Президент мырза, Сізді Мәжіліс қабырғасында қарсы ала отырып, өзіңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, халықтарыңызға бірлік пен береке тілеймін», деді төраға.

Өз кезегінде Түркия басшысы Қазақстанға келген сәттен бастап үлкен қонақжайлылыққа куә болғанын айтып, зор ризашылығын білдірді. «Біздің достық қатынасымыз басқа халыққа үлгі боларлықтай дәрежеде. Мен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жиі кездесіп қана қоймай, мызғымас достық қатынастамын. Сондықтан да екі ел арасындағы барлық саладағы ынтымақтастық халықтар арасындағы игілікке айнала берсін», деді А. Гүл.

Соңғы жаңалықтар