Мәжіліс Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің Жарғысын ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінде «Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) Жарғысын ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
None
None

ИРЕНА халықаралық агенттігі ресми түрде 2009 жылдың қаңтарында Бонн қаласында құрылған. Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің жарғысына құрлықтағы 75 мемлекет қол қойған. Жарғыға сәйкес Агенттіктің мақсаты жаңартылатын энергияны аралас пайдалану және энергияны пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды іске асыру нәтижесінде алынған мемлекеттік артықшылықтарды орнықты пайдалануды ынталандыру болып табылады. Сондай-ақ, қоршаған ортаның сақталуы үшін жаңартылатын энергияның барлық түрлерінің таралуын ынталандыру шараларын қарастырады. Өз мүшелерінің мүддесі үшін әрекет ететін Агенттік жаңартылатын энергия саласындағы саясатты іске асырып, қазіргі заманғы тәжірибелерге талдау жүргізеді. Жаңартылатын энергияларды қаржыландыруға қатысты мәселелерді қарастырады.

«Бүгінгі таңда Қазақстанды қоса алғанда ИРЕНА-ға қол қойған 55 мемлекет Агенттіктің толыққанды мүшесі болуға үміткерлер болып табылады. Ал Агенттіктің Жарғысын қабылдау арқылы еліміз аталмыш халықаралық ұйымның толық қолдауын иеленеді. Агенттік қабылдайтын шешімдерге дауыс беру құқығы болады», - дейді вице-премьер-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев.

Соңғы жаңалықтар