Мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттарға Jibek Joly телеарнасының эфирінен уақыт беру шарттары

«Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ «Jibek Joly/Silk Way» телевизиялық арна сында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттығына кандидаттарға, сондай-ақ 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысу үшін партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға эфир уақытын берудің жалпы шарттары.
None

«Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ (бұдан әрі-Қоғам) – «Jibek Joly/Silk Way» телеарнасының (бұдан әрі – Телеарна) меншік иесі 28.09.1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) орналастыру үшін Телеарнада эфир уақытын берудің төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды.

Сайлау алдындағы үгіт Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттығына кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады, осылайша, үгіт материалдарын Телеарна эфирінде орналастыру 2023 жылғы 18 ақпан сағат 18.00-ден 2023 жылғы 18 наурыз сағат 00.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Телеарна Қоғам мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына кандидат (бұдан әрі – Кандидат) немесе кандидаттың уәкілетті өкілімен жасалатын жазбаша шарт негізінде эфир уақытын береді. Эфир уақыты қолда бар техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып беріледі.

Кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің Қоғам басшысының атына жазбаша өтініші эфир уақытын беру туралы шарт жасасу үшін негіз болып табылады. Үгіт материалдарының саны, хронометражы, эфирде орналастырудың болжамды күні мен уақыты Кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар шарттың талаптарымен бекітіледі.

Өтініш кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен әрбір жазбаша өтінішке өтініштің реттік нөмірі мен келіп түскен күнін беру арқылы тіркеледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

1) Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

4) шарт жасасу үшін адамның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Телеарна эфирінде кандидаттардың материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсуі тәртібімен не егер өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. Жеребені өткізу тәртібі мен шарттарын Қоғам айқындайды.

Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтке бұрын жүгінген басқа Кандидатқа сұраған уақыты берілсе не техникалық мүмкіндіктері бойынша берілмесе, Қоғам кандидатқа Телеарнаның техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, үгіт материалдарын орналастыру үшін өзге де уақыт ұсынады.

Үгіт материалдары келесідей талаптарға сай болуы керек: MPEG-2 кодегі, Chroma 422, Битрейт 50 Мбит/сек, 25 кадр / сек, ажыратымдылық 1920*1080, interlaced-ті кеңейтіп көрсету түрі, алаңдарды құру тәртібі - бірінші жоғарғы алаң (topfieldfirst), кадр қатынасы 16: 9; Аудио: PCM, WAV, 24 бит форматы, 48 kHz, деңгей -12 ДБ, материалдың соңғы нұсқасындағы дыбыс 1-ші стерео арнаның сол жақ жолына жиналуы керек, бірдей оң жолды (жалған стерео) пайдалануға рұқсат етіледі. Бейне және Аудио MXF OP-1a контейнерінде болуы керек. Бейнематериалдар сыртқы тасымалдағыштарда (қатты диск, флэш-карта) ұсынылады.

Бейнетаспамен бір мезгілде эфир уақытын беру туралы шартқа қол қоюға уәкілеттік берілген адам қол қойған үгіт материалының мазмұны болып табылатын мәтіннің толық жазбасы, бейнелері үгіт материалдарында пайдаланылған адамдардың жазбаша рұқсаттары, ал олар қайтыс болған жағдайда мұрагерлердің жазбаша рұқсаттары, жарнамалық материалдарда кәмелетке толмаған балалардың бейнелері пайдаланылған жағдайда ата-аналарының, қамқоршылардың, асырап алушылардың жазбаша рұқсаттары ұсынылады.

Үгіт материалдарында олардың төлемі, қаржыландыру көздері туралы дыбыстық немесе көрнекі ақпарат болуға тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген талаптар мен тәртіп, сондай-ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған жағдайда Үгіт материалдарының эфирлік хабары жүргізілмейді не бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Қоғам егер Үгіт материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құралымдар құру идеялары болса, эфирге шығарудан бас тартады.

Қоғам Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруге қабілетті ақпарат болған жағдайда Үгіт материалдарын эфирге шығарудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген эфир уақыты мен интернет алаңдарын беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

1.Кандидаттардың немесе олардың уәкілетті өкілдерінің үгіт материалдарын «Jibek Joly / Silk Way» телеарнасының эфирінде орналастыру

Қызмет атауы

Хронометраж

(секундтық тарифтеумен)

Ш ығу уақыты

Қ ұны ҚҚС-пен 1 минут

1

Үгіт материалдарын орналастыру

1 минут

00:00-24:00

90 000

Жазбаша өтініштерді Телеарна меншік иесі 2023 жылғы 15 ақпаннан бастап демалыс және мереке күндерінен басқа, 2023 жылғы 14 наурызды қоса алғанда 10 сағат 00 минуттан 18 сағат 00 минутқа дейін Астана қаласы, Ақмешіт көшесі 3, PARKLINE БО, 2 қабат, 206 кеңсе, телефоны 8 (7172) 95 40 59, мекенжайы бойынша қабылдайды.

Факсимильді және интернет байланысы арқылы жазбаша өтініштер қабылданбайды.

«Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ


Соңғы жаңалықтар