Мәжіліс зымыран бөліктері құлайтын жерге қатысты құжатпен жұмыс жасау мерзімін ұзартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау ауданы ретінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін беру және пайдалану шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасымен жұмыстың мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Аталған келісіммен «Союз» үлгісіндегі зымыран тысымалдағыштан бөлінетін бөліктердің құлау ауданы ретінде жер учаскесін Ресей Федерациясының пайдалануы үшін Қазақстан Республикасы тарапының ұсынуы тұрғысында ұйымдастырушылық-құқықтық негіздер белгіленеді. Аталған заң жобасын қарастыру мерзімі 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін айқындалған еді. Биылғы 23 қарашада Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен хат келіп, онда заң жобасы тұрғысында қорытындыны даярлау мерзімін 2019 жылға дейін ұзарту өтінімі қамтылды», - деді Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Жанат Жарасов.

Бұл аталған құжатты қазіргі кезде әзірленіп жатқан «1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы органдарды құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасымен бір мезгілде қарастыру қажеттігіне байланысты болып отыр.

Жалпы отырыс барысында палата депутаттары заң жобасы бойынша қортындыны әзірлеу мерзімін 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартуды қолдады.

Соңғы жаңалықтар