Мәжіліске ел бюджетіне қатысты құжаттар келіп түсті
Онда салалық комитеттердің ұсыныстары бойынша ертең, қыркүйектің 9-ы күні өтетін Палатаның жалпы отырысының күн тәртібі қалыптастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Парламентшілер бірқатар үкіметтік заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімдерін анықтайтын болады. Жаңа түскен жобалардың қатарында «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010-2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобалары бар. Сонымен қатар күн тәртібіне «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары енгізілген.