Мәжілісмен М. Айсина жұртшылықпен жүздесіп, Жолдауды талқылады

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» ХДП Фракциясы Төралқасының мүшесі  Майра Айсина
None
None

Елбасы Жолдауын талқылау үшін бұл күндері Шығыс Қазақстан облысының сайлаушыларымен кездесулер өткізуде.

Депутат Өскемен қаласындағы «Ульба» Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ұжымының  жұмысымен танысып, «Нұр Отан» ХДП қарттарға арнайы әлеуметтік көмек көрсететін «Әлеуметтік тұрғын үй» бағдарламасының  республикалық жобасы аясында өткізілген кездесуге қатысты. Аталған орталық өз бетімен жүріп-тұра алмайтын жасы ұлғайғандар мен қимыл-тірек аппараттары бұзылған мүгедек балаларға, зорлық-зомбылық көрген әйелдер мен балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетеді. «Ульба» орталығының базасынан ардагерлердің «Рябинушка» хоры мен «Ровесник» ардагерлер клубы құрылған.

Сонымен қатар, бүгін  депутат  Ұлан ауданы Бозанбай ауылының тұрғындарымен кездесіп, балабақша, мектеп, мектеп-интернат және Мәдениет үйінің аяқталған құрылыс нысандарымен танысуда. Сондай-ақ, «Сағынқұмаров»  және «Айтқазин» шаруа қожалықтары ұжымымен де кездеседі деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар