Мәжілісмен олигархтарды өңірлердегі жылу беру жүйесін дамытуға жұмылдыруды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин еліміздегі олигархтарды өңірлердегі жылу беру жүйесін дамытуға жұмылдыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжілісмен олигархтарды өңірлердегі жылу беру жүйесін дамытуға жұмылдыруды ұсынды

«Қаражат пен технологияны қайдан аламыз? Тарифті үнемі көтере беруге болмайды, ал бюджетте шектеу бар. Инвестиция мәселесі де тарифке байланысты болады, өйткені инвестицияны қайтару керек. Бұл тұрғыда тиісті ұсыныс жасамақпын. Бізде Forbes-те тіркелген 160 миллионер мен миллиардер бар. Соның бастапқы 20-сын еліміздегі аталған мәселелерді шешуге көмектесу үшін жиырма өңірге бөліп беру керек сияқты. Бұл адамдар мемлекет байлығынан пайда тауып, дәулетті болды. Енді осы адамдар халыққа, мемлекетке көмектесуі керек деп санаймын», - деді Е. Жаңбыршин Мәжілістің жалпы отырысында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында жылумен жабдықтау саласындағы аудиторлық іс-шараның қорытындысына қатысты Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунова баяндама жасады. https://kaz.inform.kz/news/zhogary-auditorlyk-palata-zhylumen-zhabdyktau-salasynda-karazhatty-tiimsiz-igeru-derekterin-anyktady_a4081501

47 мемлекеттік мекемеде және 44 табиғи монополия субъектісінде аудит жүргізілді. 140 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының және 480 млрд теңге активтердің игерілу тиімділігі тексерілді.