Мәжілісте Қазақстан мен Қытай коммунистері кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілістің Жамбыл Ахметбеков бастаған «Халықтық коммунистер» фракциясының бір топ депутаты Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі Сун Тао мырзамен кездесті.
None
None

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық парламентші Қытай Коммунистік партиясының келе жатқан 95 жылдығымен құттықтап, ширек ғасырдан бергі екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастың қарқынды өркендеп келе жатқанына, Қытай Қазақстанның стратегиялық серіктесі екендігіне тоқталды.

Сондай-ақ ол  екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастық байланыстардың маңызы жайында, заң шығарушы органдар арасындағы байланыстар жөнінде кеңінен айтып берді.

Кездесу барысында «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Жібек жолы экономикалық белдеуінің» тоғысуы жайында пікір алмасулар болды.

Кездесуге ҚХР ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Ханьхуэй Чжан, сонымен қатар ҚХКП атынан сайланған депутаттар Владимир Косарев, Галина Баймаханова, Айқын Қоңыров және Магеррам Магеррамов қатысты.

Соңғы жаңалықтар