Мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы салықтық әкімшілендіруді реформалау» тақырыбында конференция өтеді

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Ертең, 17 мамыр күні, Мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы салықтық әкімшілендіруді реформалау» тақырыбында конференция өтеді.
None
None

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті бұл шараны Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың салықтық әкімшілендіру туралы берген тапсырмасына сәйкес өткізіп отыр.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Бас Прокуратурасынан, ҚР Жоғарғы Сотынан, ҚР Қаржы министрлігінен, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша агенттіктен (қаржы полициясынан)  және де уәкілетті мемлекеттік органдардан компетентті тұлғалар, сонымен бірге атақты ғалымдар, қоғамдық ұйымдардың және бизнес қоғамдастықтарының өкілдері қатысады.

Сонымен қатар сағат 14-00-ден бастап конференцияның секциялық отырыстары өтеді: I - Салықтық даулардың соттық тәжірибесі; II - Салықтық міндеттемелерді орындаудың құқықтық тетіктерін оңтайландыру; III - Салықтық құқық бұзушылықтарды қылмыстық сипаттан арылту.

Конференция щеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің салықтық міндеттемелерді орындауына байланысты мейлінше көкейкесті мәселелерді талқылап, салықтық әкімшілендірудің нәтижелілігін жоғарылатуға және Қазақстандағы бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасаудың қажетті режімін құру мақсатымен заңнаманы реформалаудың негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік беретін салықтық дауларды реттеудің анағұрлым тиімді тәсілдеріне қатысты бірқатар сұрақтар қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар