17:38, 04 Мамыр 2009 | GMT +5
Мәжілісте көші-қон саясатының мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өтеді
АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат. Ертең, мамырдың 5-і күні Мәжілісте «Көші-қон саясатының ағымдағы міндеттері» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл шараны Мәжіліс жанындағы Көші-қон мәселелері және отандастармен байланыс жөніндегі консультациялық кеңес пен «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы бірлесіп ұйымдастырып отыр.Дөңгелек үстел жұмысына қатысушылар оралмандардың өзекті мәселелерін ортаға салады. Азаматтық алу, «оралман» атауы мен мәртебесі, мемлекеттік қолдау, оралман квотасы, тұрғын үймен қамтамасыз ету және бейімдеу орталықтарының жай-күйі талқыланады.