18:41, 18 Ақпан 2013 | GMT +5
Мәжілісте өңірлерді дамытудың заңнамалық қамтамасыз етілу мәселелері талқыланды
АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде Өңірлерді дамытудың заңнамалық қамтамасыз етілуін жетілдіру мәселелері бойынша Мемлекеттік Басқару академиясының біліктілігін көтеру жөніндегі семинар тыңдаушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Отырыста ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов Елбасы Н. Назарбаев жыл сайынғы халыққа жолдауларында өңірлердің дамуына баса назар аударатындығына тоқталып өтті. Сондай-ақ, аймақ қызметінің белсенділігін одан әрі арттыру мақсатында өңірлерді дамытудың маңыздылығын ескере отырып, оған қосымша серпін беру қажеттілігі туралы айтқанын жеткізді.
Дөңгелек үстелде, сондай-ақ, жергілікті басқару, моноқалаларды дамыту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту, Үдемелі индустриялық-иннновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстанда машина жасауды жолға қою мәселелері талқыланды.