Мәжілісте төтенше жағдайлардың алдын алу заңнамасы таныстырылды

Аталған заң жобасы дүлей апаттардың, авариялар мен қауіптердің алдын алу, азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау және рұқсат беру жүйелерін жетілдіру, табиғи және техногендік қауіптерден сақтандыруды дамыту жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру қажеттігінен жасалған. Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың айтуынша, заң жобасына сәйкес, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мемлекеттік жүйесі мен Азаматтық қорғаныс жүйесінің қызметінде он жылдан астам уақыт бойы әлеуметтік- саяси өзгерістер болды. Осыған байланысты «Азаматтық қорғау туралы» заң шеңберінде республика халқын, обьектілерін және аумағын табиғи және техногендік сипаттағы төтенші жағдайлардан, қәзіргі зақым келтіру құралдарынан және террористік актілер салдарынан қорғау, олардың алдын алу және оларды жою үшін күштер мен құралдарды дамыту саласындағы бірыңғай нормативтік құқықтық акт жасалды. Оған қосымша 8 заң жобасы мен 18 Заңға ілеспе толықтырулар әзірленді. Заң жобасының жұмыс тобына депутат, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Анатолий Пепенин жетекшілікке бекітілді.