Мәжілісте заң көмегіне қатысты проблемалар талқыланады

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ертең Мәжілісте «Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін құқықтық реттеу проблемалары» деген тақырыпта конференция өтеді. Шара палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мұрындық болуымен өтпек. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Конференция жұмысына Парламент депутаттары, құқық қорғау және сот ұйымдарының өкілдері, қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысады.

Форумды Республикалық адвокаттар алқасы, ЕҚЫҰ, Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдері, «Қазақстан Республикасындағы сот және құқықтық реформаны қолдау жобасын жүзеге асырушылар ұйымдастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар