Мәжілісте «Жол жүрісі туралы» жаңа заң жобасы таныстырылды

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінде «Жол жүрісі туралы» және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы болып өтті.
None
None

Аталған заң жобаларының мақсаты жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді күшейту болып табылады. Бұдан бөлек, заң жобасымен жол жүрісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері заңнамалық деңгейде реттеледі.

«Жалпы «Жол жүрісі туралы» қолданыстағы заңның қабылданғанына 16 жыл толды. Бұл уақытта жол қауіпсіздігінің жағдайына әсер ететін, бірақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірыңғай тұжырымдамалық көзқарасты және қажетті тиімді шешімдерді қамтамасыз етпейтін бірқатар заңдар мен заңға тәуелді актілер қабылданды. Бұдан бөлек, қолданыстағы заңнамада азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері қалыс қалған», - деп атап өтті заң жобасы туралы баяндаған Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кененбаев.

Заң жобасында сондай-ақ, ұлттық заңнаманы халықаралық шарттарға сәйкес келтіру мәселелері де қарастырылған. Бұл ретте заң жобасымен республика аумағында айыру белгісінің және Қазақстан Республикасы туының суреті бар жаңа мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін енгізу және жаңа үлгідегі жүргізуші куәліктерін енгізу көзделген.

«Халықаралық стандарттарға сәйкес көлік құралдары мен олардың қосалқы бөлшектеріне қойылатын бірыңғай қауіпсіздік талаптары белгіленеді», - деді Е. Кененбаев.

Соңғы жаңалықтар