12:41, 27 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Мәжілістің сессия қорытындысы: Депутаттар 12 заң жобасын әзірледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттары үшінші сессия басынан 12 заң жобасын әзірледі. Бұл туралы бүгін төменгі палатының ағымдағы жылғы соңғы жалпы отырысын қорытындылаған Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сессия басында 80 заң жобасы жұмысқа қабылданып, оның 42-сі қаралып, мақұлданған. Оның ішінде 12 заң жобасына депутаттар өздері бастамашы болған. Парламент қабылдаған 27 заңға бүгінде Мемлекет басшысының қол қойылып, өз күшіне енді», - деді Нұрлан Нығматулин.
Ағымдағы сессия жұмысында Мәжіліс Төрағасы «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», Салық кодексі, Кедендік реттеу, сондай-ақ, Қазақстанның кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу, Әкімшілік құқық бұзушылық және Ақпарат және коммуникация туралы заңдардың жобалары мен «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасы сияқты мақұлданған бірқатар маңызды құжаттарды атап өтті.