Мәжілістің таратылуы: Парламент фунцияларын Сенат атқарады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жетінші сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің таратылуына қатысты Парламент фунцияларын Сенат атқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабының 5-тармағына сәйкес, Мәжіліс өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан кезеңде, Сенат Конституциялық заңдар мен басқа да заңдарды қабылдау жөніндегі Парламентінің функцияларын орындайды. Еліміздің тарихында мұндай жағдайлар болған және Мәжіліс депутаттары тарқаған кезеңде Сенат Парламент рөлін уақытша атқарып, заң шығару миссиясын жалғастырады», - деді Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау 2023 жылғы 19 наурызға белгіленді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдеме жасады.


Соңғы жаңалықтар