Мәжілістің жалпы отырысында халықаралық маңызды заң жобалары талқыға салынады

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - 16 мамыр, сәрсенбі күні Мәжілістің жалпы отырысы өтеді (сағ. 10-00).
None
None

Жалпы отырыста «Қазақстан  Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Өзара қаржылық мәселелерді реттеу және әскери білім беру мен сынақ полигондарын пайдалану саласындағы есеп айырысу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы Палатаның талқысына шығарылатыны көзделуде.

Заң жобасы бойынша Қаржы министрі Болат Жәмішев баяндама жасайды деп күтілуде. Сондай-ақ Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Бақытжан Ертаев қосымша түсінік береді.

«Кеден одағының сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыға салынады.  Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев баяндама жасап, келісімнің мақсаты туралы айтып беретіні қарастырылуда. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қабиболла Жақыпов қосымша түсінік бермек.

Сонымен қатар жалпы отырыста  Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011  жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде мәселе қаралады.

Соңғы жаңалықтар