Мәжіліс Астана, Алматы, Шымкент қалаларының көші-қонын реттейтін заң жобасын мақұлдады
АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс Астана, Алматы, Шымкент қалаларының көші-қонын реттейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы астана мен республикалық маңызы бар қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуге бағытталған. Құжатта мынандай нормалар бар:
-астанада және республикалық маңызы бар қалаларда бірыңғай дизайн-код енгізу,
- көшедегі қоғамдық орындарда аудио жарнамаға, жол бойында сыртқы жарнама ілуге тыйым салу;
-астанада көші-қонды реттеу тетіктерін жетілдіру.
Заң жобасында Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы», «Жарнама туралы», «Халықтың көші-қоны туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» және «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңдарға өзгерістер енгізу ұсынылады.
Еске салсақ, Алматыда дүңгіршектен тұрғындардың ашуына тиген жазуы алынып тасталған болатын.