Мәжіліс депутаттарына құрылыс кодексінің жобасы ұсынылды
АСТАНА. KAZINFORM — Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде Құрылыс кодексі жобасы мен оған сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша ілеспе түзетулердің таныстырылымы өтті. Заң жобалары жөнінде Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин баяндама жасады.

Ұсынылған түзетулерге сай бірқатар өзгерістер енгізілмекші.
1.Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин баяндамасында Шұғыл әрекет жасау шарасы енгізіледі. Бұл мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарындағы бұзушылықтарға уақытылы шара қолдануға мүмкіндік береді, олар бұзушылықтар жойылғанға дейін құрылысты тоқтатады;
2. «Жоспарлы инспекциялау» механизмін енгізіледі. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және Төтенше жағдайлар органдарының объектілерді пайдалануға қабылдауға қатысуы;
3. Еуропалық Одақ елдерінің тәжірибесі бойынша мамандарды сертификаттауды жүргізе отырып бірыңғай цифрлық тізілім енгізу (біліктілікті растау).
4. Барлық берілген рұқсатқа ревизия жүргізу;
5. Реттеудің жаңа нысандары енгізіледі: қоғамдық бақылау, ерекше реттеу, аумақтарды кешенді дамыту және құрылыс объектілерін пайдалану.
6. «Сейсмикалық аймақтардағы жобалау және құрылыс ерекшеліктері» жаңа тарауы енгізіледі.
Құрылыс кодексі мен оған ілеспе түзетулерді талқылау жұмыс тобында жалғасады. Оған Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Мұрат Әбенов жетекшілік етеді.