Мәжіліс ИКАО-ға қатысты құжатты қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а)-бабының өзгеруіне қатысты хаттаманы және Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 56-бабының өзгеруіне қатысты хаттаманы ратификациялау туралы» Заң қабылданды.

ИКАО
Фото: icao.int

Құжат Қазақстан Республикасының Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) органдарының құрамында өкілдігі туралы мәселені ілгерілету, сондай-ақ Республиканың халықаралық аренадағы имиджін жақсарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

- Осы өзгерістер арқылы Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Кеңестің құрамын 36-дан 40 мемлекетке дейін және Аэронавигациялық комиссияның құрамын
19-дан 21 мүшеге дейін арттырады. ИКАО Кеңесі — бұл ИКАО Ассамблеясымен 3 жыл мерзімге сайлайтын атқарушы орган. Ол халықаралық стандарттарды бекітеді, ИКАО-ның қазіргі қызметіне басшылық жасайды, мемлекеттер арасындағы дауларды қарайды және Ассамблея шешімдерінің орындалуын бақылайды. Аэронавигациялық комиссия — бұл ұшу қауіпсіздігі, әуе қозғалысын ұйымдастыру жауапты техникалық орган. Бұл ИКАО-ның органдарының мүшелерінің саны 30 жылдан астам өзгермеген. Осы уақытта ИКАО-ға кірген мемлекеттердің саны 160-тан 193 -ке дейін көтерілді. Осыған байланысты ИКАО мүшелері өз мемлекеттерінде ратификацияны өткізу керек, - деді ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде бұл құжаттарды Ұлыбритания, Франция, Сингапур, және басқа да елдерді қоса алғанда, 120 мемлекет ратификациялаған.

- Хаттамаларды ратификациялау бюджет қаражатын жұмсауды қажет етпейді, - деді министр.

Еске салсақ, Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) 2025 жылғы 30 тамыздан 15 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасында өткізілген авиациялық қауіпсіздіктің кешенді аудитінің (USAP-CMA) нәтижелерін ресми түрде жариялады.

Соңғы жаңалықтар