Мәжіліс қарауына телефон алаяқтарына тосқауыл қоюға арналған құжат келіп түсті

АСТАНА. KAZINFORM — Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы келіп түсті.

Астаналық киберполицейлер қарияның 39 млн теңгесін алаяқтардан сақтап қалды
Фото: ІІМ

- Ел өңірлерінде халықпен кездесу кезінде елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету, телефон алаяқтарына тосқауыл қою мәселесі жиі көтерілді. Осыған байланысты аталған заң жобасы халықты сапалы әрі жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етуге, телекоммуникация инфрақұрылымын дамытуға, телефон алаяқтығын анықтау бойынша жұмысты күшейтуге бағытталған, - деді депутат Нұртай Сабильянов Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, құжатта деректерді әзірлеу орталықтарының инфрақұрылымын дамытуды ынталандыру, телекоммуникация саласындағы озық технологияларды дамыту ескерілген.

- Заң жобасы аясында бес заңға өзгерту енгізу қарастырылған. Осы орайда Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, - деді депутат.

Бұған дейін Қазақстан Ішкі істер министрлігі телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерде қылмыскерлер жиі пайдаланатын сөздерді атағанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар