Мәжіліс Қазақстан мен Перу арасындағы ынтамақтастыққа қатысты үш құжатты қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан мен Перу Республикасының ынтымақтастығына бойынша үш заң қабылданды.

Мәжілісте мүгедектігі бар адамдардың ұйымдарына қатысты салық мәселелері талқыланды
Фото: Мәжіліс

Бірінші қабылданғаны - «Қазақстан мен Перу арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Заңы. Шарттың негізгі мақсаты – тараптардың өзара ынтымақтастығы мен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек арқылы қылмыстың алдын алу, тергеу, қылмыстық қудалау және жолын кесу тиімділігін арттыру.

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мәліметінше, құжат аясында өзара құқықтық көмек ақпарат беруді, адамдарды анықтауды, іздестіруді, тінтуді және жауап алуды, сараптама жүргізуді, дәлелдемелер беруді, сондай-ақ тараптардың ұлттық заңнамаларында көзделген көмектің басқа да нысандарын қоса алғанда, бірқатар шараны іске асыруды көздейді.

Сонымен қатар Мәжіліс «Қазақстан мен Перу арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Заңын қабылдады.

Шарттың негізгі мақсаты – бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды өздері азаматтары саналатын мемлекетте жазасын өтеу үшін беру тәртібі мен шарттарын айқындау мәселелерінде тиімді ынтымақтастық орнату. Құжат бойынша бір тараптың аумағында сотталған адам белгіленген жазаны өтеу үшін екінші тараптың аумағына берілуі мүмкін.

Мұнымен қоса, қабылданған үшінші құжат - «Қазақстан мен Перу арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» Заңы.

Шарт тараптардың аумағында жүрген, ұстап беруге алып келетін қылмыстары үшін қылмыстық қудалау мақсатында немесе соттың заңды күшіне енген үкімін орындау үшін іздеуде жүрген кез келген адамды ұстап беру бөлігінде мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты орнатуға бағытталған. Құжатта адамдарды ұстап берудің және одан бас тартудың нақты негіздері қарастырылады.

Еске салсақ, былтыр күзде Сенат «Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңды мақұлдады.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум