Мәжіліс Жаңа Конституция жобасын талқылайды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Жаңа Конституция жобасын талқылайды. 

Мәжіліс
Фото: Мәжіліс

— Қазір қоғамда, әлеуметтік желілерде, мемлекеттік деңгейде жаңа Конституцияның жобасына қатысты үлкен талқылау жүріп жатыр. Конституциялық комиссияның жұмысына қатысты қоғамда үлкен әңгімелер бар. Осы орайда конституциялық реформа, Конституция жоба тақырыбын бүгінгі күн тәртіпке енгізуді сұраймын, — деді Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи.

Осы орайда палата спикері Ерлан Қошанов та шынымен жаңа Конституцияның жобасы қоғамда қызу талқылау туғызғанын атап өтті.

— Бұл еліміздегі демократияның, ашықтықтың айқын көрінісі деп ойлаймын. Депутат Ермұрат Бапидің ұсынысына байланысты депутаттардың, фракциялардың айтатын пікірлері болса дауысқа салып, қолдауға болады, — деді палата төрағасы.

Ұсыныс дауысқа салынғаннан кейін жалпы отырысқа қатысып отырған 92 депутаттың 90-ы қолдау білдіріп, 2 депутат дауыс бермеді. 

Соңғы жаңалықтар