Мәжілісте жаңа депутат ант берді

АСТАНА. KAZINFORM – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Оқу-ағарту министрі қызметіне ауысқан Жұлдыз Сүлейменованың орнына келген жаңа депутат ант берді.

депутат
Фото: AMANAT партиясы

Бұған дейін AMANAT партиясының саяси кеңес бюросы Мәжілістегі партиялық тізім бойынша бос мандатты Президент жастар кадрлық резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәліге беру туралы қаулы қабылдағаны хабарланған.

– Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, – деді Әбутәліп Мүтәлі.

Партия таратқан мәліметке сүйенсек, AMANAT фракциясының жаңа депутаты «Болашақ» бағдарламасының түлегі, бұған дейін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытында еңбек етіп келген.

Сондай-ақ, Әбутәліп Мүтәлі Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамына сайланды.

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте заң мен тәртіп үстемдік ететін қоғам құруды көздейтін заң жобасы талқыланып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар