Мәжілістің отырысы қаза тапқан кеншілерді бір минуттық үнсіздікпен еске алудан басталды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы бір минут үнсіздікпен басталып, депуттар Қарағанды облысында шахтада болған апат салдарынан қаза тапқан кеншілерді еске алды, деп хабарлайды Kazinform. 

Мәжілістің отырысы қаза тапқан кеншілерді бір минуттық үнсіздікпен еске алудан басталды
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

«28 қарашада Қарағанды облысындағы шахтадағы апат салдарынан 46 адам көз жұмды. Бұл тұтас халқымыз үшін үлкен қасірет. Мемлекет басшысының бастамасымен 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болды. Барлық депутаттың атынан қайтыс болған кеншілердің отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын», - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қарағандының Костенко шахтасындағы апаттан қаза тапқан адамдардың саны 46-ға жетті. 

Соңғы жаңалықтар