Медет Едрісов Абай облысының Әділет департаментін басқарады
АСТАНА. KAZINFORM — Абай облысы Әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
— ҚР Әділет министрлігі Аппарат басшысы Сандуғаш Ерсейітованың бұйрығына сәйкес 2026 жылдың 20 сәуірінен бастап Медет Орынбекұлы Едрісов Абай облысы Әділет департаменті басшысы лауазымына тағайындалды. Бұған дейін Медет Орынбекұлы Жетісу облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді, — делінген хабарламада.
Медет Едрісов 1985 жылы 14 қазанда Көкшетау облысы Көкшетау ауданы Молодежное ауылында дүнеге келді.
Білімі жоғары. 2007 жылы «Фемида» Заң академиясын бітірді.
Мансап
Еңбек жолын 2007 жылы «Ақмола облысының соттар әкімшілігі» ММ № 1 Көкшетау аумақтық бөлімінің бас маманы ретінде бастады.
2009-2021 ж. аралығында әділет органы саласында түрлі қызметтер атқарды.
2021-2025 ж. аралығында Ақмола облысы әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2025 жылдың желтоқсанынан Жетісу облысы әділет департаменті басшысының орынбасары лауазымына болды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Абай облысында жаңадан құрылған екі басқарма басшысы тағайындалды.