09:10, 20 Қазан 2019 | GMT +6
«Медеу» мұз айдынында сырғанау маусымы ашылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Медеу» мұз айдынында сырғанау маусымы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«20 қазаннан бастап «Медеу» мұз айдынында сырғанау маусымы ашылды. Барлық белсенді демалыс әуесқойлары — қош келдіңіздер!», деп жазды қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында.