Медеудегі Тянь-Шань шыршаларының қатары жаңа көшеттермен толықты

АЛМАТЫ. 5 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Еуразия даму банкінің қызметкерлері «Экологиялық патруль - 2013» шарасы аясында «Медеу» мемлекеттік табиғат паркі аумағында 100 Тянь-Шань шыршасының көшеттерін отырғызды. Онда 2011 жылдың маусым айындағы қатты боранда 5 мың шырша мен қарағай құлаған болатын. Енді банк қызметкерлері өздері отырғызған бұл көшеттердің өсіп-өнуін алдағы уақытта да өздері қадағаламақ.
None
None

Жалпы бұл халықаралық қаржы институтының «Экологиялық патруль» жобасы 2 жыл бұрын басталған болатын. Олар алғашқы жылы Тамғалы тас шатқалын саяхатшылардан қалған әртүрлі тұрмыстық қалдықтардан тазартқан болатын. Жалпы мұндай шараларды банк қызметкерлері тек Алматыда ғана емес дәстүрлі түрде халықаралық қаржы институтына қатысушы мүше-елдердің Астана, Санкт-Петербор, Мәскеу, Минск, Ереван, Душанбе қалаларында да өткізіп келе жатыр. Бұл жолы олар «экологиялық патрульды» отбасылық мереке үлгісінде өткізді. Оған банк қызметкелері өз отбасындағы бала-шағасын, достарын да шақырды.

Соңғы жаңалықтар