«Медеуге» автокөлікпен баруға шектеу қойылды

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімдігі «Медеу» шатқалындағы экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында
None
None

үстіміздегі жылдың 19 қаңтарынан бастап Медеу-Шымбұлақ жолындағы көлік қозғалысын шектеу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды «Алматы ақшамы» газеті қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты ендігі жерде «Медеу» спорт кешеніне жапсарлас жатқан аумақтарда көлік құралдарын қалдырып кетуге немесе қаңтарып қоюға болмайды. Бұдан былай автокөліктер тек арнайы жабдықталған автотұрақтарда ғана тұруы тиіс. Дегенмен, бұл аймақтарда жүруге арнайы автокөліктер мен сол аудандарда тұрақты тұратын тұрғындардың машиналарына рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, осы шектеулердің қолданысқа енуіне байланысты қалалық әкімдік қала орталығы мен «Медеу» спорт кешені арасында арнайы бағыттар ұйымдастырып, мына бағыттарда қоғамдық көліктердің жүруін қамтамасыз ететін болады: Достық даңғылы мен Құрманғазы көшесінің қиылысы - «Медеу» спорт кешені, Сәтбаев көшесі мен Байтұрсынов көшесінің қиылысы - «Медеу» спорт кешені.

Соңғы жаңалықтар