Медициналық мамандықтарға берілетін мемлекеттік тапсырыстың көлемі ұлғайып келеді - Білім және ғылым министрі

АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Елімізде медициналық мамандықтарға берілетін мемлекеттік тапсырыстың көлемі ұлғайып келеді.
None
None


 Бұл туралы бүгін Астанада басталған Орталық Азия елдері жүрек-қан тамырлары аурулары хирургтерінің III съезі барысында ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің мәліметі бойынша, 2006 жылы елімізде медициналық мамандықтарға бөлінген мемлекеттік гранттардың саны 3,5 мың  болса, соңғы жылдары бұл көрсеткіш 1,5 мың грантқа өсіп, 5 мыңға дейін жетті. «Сондай-ақ медицина саласындағы студент-жастар «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алып, жас мамандар шетелдік университеттерде өндірістік іс-тәжірибеден өтуге мүмкіндік алды», - дейді Ж.Түймебаев. Оның айтуынша, бүгінгі таңда «Болашақ» бағдарламасы аясында медицина мамандықтары бойынша білім алып жатқан жастардың саны 204 адамды құраса, шет елдерде  36 жас маман тәжірибе шыңдауда.

Соңғы жаңалықтар