21:29, 14 Шілде 2009 | GMT +5
Медициналық мекемелердің аккредитациялануы халықтың оларға деген сенімін деңгейін арттырады
АҚТӨБЕ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Қанат Ермекбаев бастаған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобы жүр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның аймаққа келудегі негізгі мақсаты, Қ.Ермекбаевтың айтуынша, аккредитация институтын енгізуге облыс медицина ұйымдарының даярлығын тексеру, облыстағы барлық медицина мекемелерінің басшылары үшін оқу семинар-кеңесін өткізу. «Аккредитациялауды өткізуге біздер тамыздың 1-інде кірісеміз, - деді Қанат Ермекбаев. - Медицина мекемелерін аккредитациялау, біздің пікірімізше, халықтың оларға деген сенімін арттырады, мемлекеттік тапсырысты орналастыруға кепілдік береді, жоспарлы бақылау тексерулерінің санын қысқартады».