Медициналық оқу орындарының түлектері мен тәжірибе жинақтаушы медициналық қызметкерлердің білімі мен біліктілігін бағалауды Медициналық қызметкерлердің ұлттық қауымдастығына беру керек - Ж. Досқалиев
Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде ҚР Денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылау жөніндегі республикалық кеңес барысында Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ж. Досқалиев 3 жылдан бері Қазақстан халықаралық білім беру ықпалдастығы кеңістігіне көшкенін айтып өтті. Онда 1,2,3 курста оқитындар мемлекеттік өзгеше стандарт бойынша оқытылады. Атап айтқанда, үш деңгейлі білім беру жүйесі бойынша іске асырылады. Онда бакалавр, магистратура, Ph.D докторантурасы белгіленген.
Бұл жүйе бұдан әрі жетілдіріліп, елімізде одан әрі іске асырылатынына тоқталған министр, бұндай қадамдар жас кадрларды орналастырудың (әсіресе ауылдарға) жаңа тетіктерін іске асыру, медициналық оқу орындары түлектерінің және тәжірибе жинақтаушы медициналық қызметкерлердің білімі мен біліктілігін дербес бағалаудың институтын енгізу аясында ұсынылып отырғандығын жеткізді.
«Біздіңше, осы тұрғыда медициналық қызметкерлердің ұлттық қауымдастығы маңызды роль атқаруы тиіс. Меніңше, біздің түлектермен жүйеде жұмыс істейтін дәрігерлер үшін олар жауапкершілікпен қарауы тиіс. Яғни, аттестацияны, категорияны белгілеуді, сондай-ақ түлектердің білімін бағалауды халықаралық тәжірибе мен беделге ие осы қауымдастыққа беруі керек», деді Ж. Досқалиев.