Медициналық заттарды зертханалық сынақтан өткізу орталығы құрылады
«12 зертхана жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Бұл өз кезегінде азық-түлік, балалар ойыншықтарын, су мен өзге де өнімді зерттеуге мүмкіндік береді. Яғни токсинді элементтерді, тұздарды, металлдарды анықтау мақсатында жүргізіледі. Сонымен қатар медициналық заттарға қатысты зертханалық әрі техникалық сынақтан өткізу бойынша орталық құрылады. Осы орайда халықаралық стандарттар тұрғысында дәрі-дәрмек пен медициналық заттарды қауіпсіздік пен сапа бойынша сынақтан өткізуге мүмкіндік береді», - деді Үкімет басшысының орынбасары онлайн баспасөз мәслихатында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкіметте биылғы жылғы төртінші тоқсанда Pfizer вакцинасын жеткізу ескерілгенін айтты.
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов биологиялық қауіпсіздік туралы құжат бойынша пікір білдірді.