Медитация арқылы дінге деген таза көзқарасты қалыптастыруға болады - Чан Бен Джу

None
None
None

АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінде медитация жайында көп адамдар біле бермейді. Медитация - бұл ойлау арқылы адам санасының тазаруы. Осыған орай бүгінде біз осы медитация арқылы бір-бірімізге деген таза көзқарасты қалыптастыруымыз қажет. Бүгін Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының III съезі аясындағы «Дағдарыстар кезіндегі ынтымақ» секциясында сөз сөйлеген Оңтүстік Кореядағы «Чогечон» буддистік зерттеулер институтының директоры Чан Бен Джу осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда буддизмде барлық діндерді тең дәрежеде қарастыру қағидаты қалыптасқан. «Себебі біз дінаралық мәселеге байланысты туындаған ойларды медитация елегінен өткізіп отырамыз. Медитация арқылы Будда даналықтың шыңына жеткен. Оның мағынасы - ойлау арқылы адам санасының тазаруы. Сондықтан бүгінде біз ойлау арқылы өз санамызды тазартып, бір-бірімізге деген таза ниетпен қарауымыз қажет. Осы арқылы біз өзімізді және жалпы әлемді өзгерте аламыз», - дейді институт директоры.

Соңғы жаңалықтар