Медицина күндері мен кадр даярлау: Қазақстан мен Тәжікстан серіктестікті тереңдетпек

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстанның Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі Джамолиддин Абдуллозодамен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Тәжікстан денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Фото: ҚР СІМ

— Кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Тәжікстанда Қазақстанның медицинасы күндерін өткізу, екі елдің медициналық мекемелері арасындағы тәжірибе алмасуды дамыту, сондай-ақ медициналық мамандардың біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды, — делінген хабарламада.

Тараптар денсаулық сақтау, заманауи медициналық технологияларды енгізу, кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған Қазақстан мен Тәжікстанның тиісті ведомстволары арасындағы 2026–2027 жылдарға арналған Ынтымақтастық жоспарына қол қойылғанын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Қазақстан мен Тәжікстан денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Фото: ҚР СІМ

Күн тәртібінің жеке тармағы ретінде Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен Тәжікстанның Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді дайындау және оған қол қою мәселесі талқыланды. Аталған құжатқа қол қою серіктестікті одан әрі тереңдету және бірлескен жобаларды іске асыру үшін берік нормативтік-құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған.

Тараптар екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға мүдделілік білдіріп, екі мемлекеттің денсаулық сақтау жүйелерін дамыту мүддесінде белсенді әрі сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.

Бұдан бұрын Тәжікстан экономикасы 2025 жылы 8,4%-ға өскені анықталды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум