Медведев Путиннің кандидатурасын алдағы президенттік мерзімге ұсынды

МӘСКЕУ. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - РФ Президенті Дмитрий Медведев РФ үкіметінің басшысы Владиир Путиннің кандидатурасын алдағы президенттік мерзімге ұсынды.
None
None

«Мен съезд Владимир Путиннің кандидатурасын ел президенті қызметіне ұсынуды қолдаса дүрыс болар еді, деп санаймын», - деп мәлімдеді Д.Медведев Мәскеуде өткен «Единая Россия» партиясының съезінде.

Ол сондай-ақ В.Путиннің тәжірибесі мен беделін атап көрсетіп, бірлескен жұмыс перспективасы мәселесі бұдан бұрын да олардың «жолдастық одағы» қалыптасқан кезде талқыланғанын атап өтті.

Д.Медведев сондай-ақ В.Путиннің осы жылғы желтоқсанда өтетін Мемлекеттік дума сайлауында «Единая Россия» тізімін басқаруы туралы съезде айтқан ұсынысымен келісті.

Соңғы жаңалықтар