Медведев Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасының кемел келешегін жоғары бағалайды

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін Ресей мен Қазақстанның келешегі кемел. Бұл туралы РФ Президенті Дмитрий Медведев сейсенбі күні қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
None
None

Медведевтің айтуынша, екі ел «бірін-бірі жақсы дос ретінде қабылдайды», ынтымақтастықта да нақты ілгерілеушілік бар. «Бұлардың бәрі қағаз бетінде қалып қоймайтын, іс жүзінде жүзеге асырылып жатқан идеялар екендігіне және ресейлік-қазақстандық ынтымақтастығымыздың көзге көрінетін нәтижесі болып табылатындығына біз сенімдіміз. Бұл жақсы жетістік, бұл компаниялардың, нәтижесінде - халықтың табысы. Егер, біз қарым-қатынасымызды осылайша дамыта берсек, олардың келешегі тамаша болмақ», - деді РФ Президенті.

Соңғы жаңалықтар