Mega Астанадағы сауда ойын-сауық кешені құрылысына алынған қарызды ерте қайтармақ

«Жалпы ол (Нұрлан Смағұлов - ред.) осындай сұрақтар қойыла бермесі үшін бұл қарызды мерзімінен бұрын қайтармақ. Mega қарызды экономикалық, қаржылық себептерге байланысты емес, оған осы сұрақтар қойыла бермесі үшін мерзімінен бұрын қайтаруды жоспарлап отыр. Себебі, бұл мәселеде оған қойылатын сұрақтар оның компаниясы үшін өзі қалағандай «жарнама» емес», - деді Қазақстан Даму банкінің басшысы Болат Жәмішев «Almaty Invest 2016» форумының үзілісінде журналистер сұрақтарына жауап бергенінде.
Бұған дейін Болат Жәмішев «MEGA Silk Way» құрылысының жобасы үшін «Байтерек Девелопмент» компаниясына қарыз 15 жылға берілгенін айтқан болатын.
«Қарыз құны 15 млрд. теңге. «Байтерек Девелопмент» компаниясының кепіл шотынан алынған ақша банк үшін аталған қарыз бойынша кепіл болмақ. Біз бұл қаржыны Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан» 15 пайызбен алып, 16,5 пайыз бойынша бердік», - деді Болат Жәмішев.
Айта кетейік, бүгін Алматыда Ritz-Carlton қонақ үйінде Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Almaty invest-2016» форумы өтіп жатыр.
Жалпы форумға беделді саясаткерлер, әлемдік және отандық бизнесс көшбасшыралы, инвестициялық корпорациялар басшылары, қаржы институттары мен халықаралық ұйымдардан барлығы 500-ге тарта жоғарғы қызметтердегі мамандар келді.
Форумда сауда және қызмет көрсету саласы, тамақ өнеркәсібі, іскерлік туризм, мемлекеттік-жеке серіктестік және индустриалдық даму секілді 5 басым бағыт бойынша Алматы қаласының инвестициялық мүмкіндіктері талқыланды.