Мехикода Қазақстан Елшілігінің ғимараты ашылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 маусымда Қазақстан Республикасының Мехико қаласындағы Елшілігінің ресми ашылуының салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
None
None

Аталған іс-шара Мексикадағы соңғы 10 жылда алғашқы инаугурациялардың бірі болды. Оған қазақ диаспорасы өкілдері, сыртқы саяси ведомствосының басшылығы, мемлекеттік органдарының өкілдері, парламент, дипломатиялық корпус өкілдері, ОПАНАЛ (Латын Америка және Кариб алабында ядролық қаруға тыйым жөніндегі агеттігі) басшылығы, іскерлік топтар өкілдері, сондай-ақ елшілік достары, барлығы 120-дан астам адам қатысқан. Салтанатты жиында Мексиканың Сыртқы істер министрлігінің орынбасары Карлос Альберто де Иказа және ОПАНАЛ Бас хатшысы Луис Филипе де Маседо Суареш құрметті қонақтар болды.

Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Андриан Елемесов өзінің баяндамасында еліміздің соңғы жылдардағы маңызды жетістіктері туралы баяндап, сондай-ақ қонақтарды Қазақстан мен Мексиканың екіжақты ынтымақтастығының жағдайы мен келешегі туралы егежей-тегжейлі ақпараттандырды.

К.А. де Иказа Мексика үкіметі атынан құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы басшылығының Мексика астанасында өзінің елшілігін ашу туралы саяси шешімінің маңыздылығы мен мәнін атай отырып, Астана мен Мехиконың әлемдік күн тәртібіндегі көптеген бағыттардағы саяси диалогының дамуы мен екі елдің сыртқы саяси беталыс бағытының ұқсастығын баса айтты. 

Іс-шара достастық және мерекелік жағдайында өтті және қаланың ресми билігінің өкілдерін қоса алғандағы барлық қонақтар Қазақстанның Елшілігі ғимаратының стратегиялық орналасуын атап өтті.  

null null null 

Соңғы жаңалықтар