Мехиконың орталық көшесіндегі Гейдар Әлиевтің ескерткішін алып тастады

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Мехиконың орталық көшесіндегі саябақ аумағында орналасқан Әзірбайжанның бұрынғы президенті Гейдар Әлиевтің ескерткіші сенбі күні түнде қаланың басқа жеріне ауыстырылды.
None
None

Бұл жайлы РИА "Новости" хабарлады.

Еске сала кетсек, бұл монумент 2012 жылы тамыз айында әзірбайжандық тараптың қаржысына тұрғызылған болатын. Ескерткіштің орнын ауыстыру кезінде жақын маңдағы көшелердегі қозғалыс тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар