2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Мекке тұрғындарына қауіпсіз жерге жасырыну туралы ескерту жасалды

АСТАНА. KAZINFORM — Сауд Арабиясында Йемендегі «Ансар Аллах» қозғалысының шабуылдарына байланысты Мекке, Жидда, Таиф, Янбу және Табук қалаларына қауіп төнуі мүмкін екені ескертілді. Кейін билік қауіптің сейілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Anadolu-ға сілтеме жасап.

а
Фото: report.az

Сауд Арабиясының Азаматтық қорғаныс бас басқармасы Мекке, Жидда, Таиф, Янбу және Табук қалаларына қауіп төнуі мүмкін екенін ескертті.

Тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап, азаматтық қорғаныс қызметтерінің нұсқауларын орындау, адам көп жиналатын орындардан аулақ болу және фото-видео түсірілім жасамау ескертілді.

Кейін Сауд Арабиясының Азаматтық қорғаныс бас басқармасы қауіптің сейілгенін хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың Таяу Шығыстағы елшіліктері Сауд Арабиясындағы нысандарға хуситтердің шабуылдарынан кейін америкалық азаматтарды сақ болуға үндеген еді.

Бахрейн, Израиль, Ирак, Иордания, Кувейт, Ливан, Оман, Катар, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі АҚШ дипломатиялық өкілдіктері қауіпсіздік саласындағы жағдай күрделі күйінде қалып отырғанын мәлімдеді.

– Әскери қақтығыс тез арада ушығуы мүмкін, – делінген АҚШ дипломатиялық өкілдіктерінің ескертуінде.

Сондай-ақ америкалық азаматтарға әуе рейстерінің тоқтатылуы, әуе кеңістігінің жабылуы және көлік қатынасындағы іркілістер болуы мүмкін екені ескертілген.