Меккедегі қонақүйлердің бірінен өрт шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістаннан келген 391 қажылық міндетін атқарушы орналасқан Меккедегі қонақүйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Меккедегі қонақүйлердің бірінен өрт шықты

Меккедегі азаматтық қорғаныс басқармасының өкілі Наиф Шарифтің мәлімдеуінше, өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Оның айтуынша, өрт таңертең Азизийе орамында орналасқан жетіқабатты қонақүйдің соңғы қабатынан шыққан.

«Өрт сөндірілді. Қаза тауып, жарақат алғандар жоқ», - деді Шариф.